Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков есеп беру жиынында тұрғындар сауалына жауап берді. Сауал жолдаған Меңдігүл Жароева баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін айтып шағымданды.
«Мен – екінші топтағы мүгедекпін. Үй кезегінде тұрғаныма тоғыз жыл болды. Не себепті баспана беру өте баяу? Биыл жаңа үйлер салынады ма?» – деді ол.
– Былтыр 414 пәтерлік екі арендалық үй пайдалануға берілді. Орал қаласы бойынша баспанаға мұқтаж азаматтар жаңа қонысқа көшті. Соның ішінде І және ІІ топтағы мүгедектер санатына 30 пәтер бөлінді. Жылма-жыл кезек осындай қарқынмен жүргізілуде. Әр санат бойынша кезек тәртібін сақтайтын боламыз. Биыл да үш тұрғын үйден баспана кезегінде тұрғандарға пәтер беріледі. Оның біреуі – Зашаған кентіндегі арендалық үй. Қалған екеуі солтүстік-шығыс аумақта орналасқан. Сол аумақтан апатты ден танылған үйде тұратындарға жылдың соңына дейін жаңа баспана береміз, – деп жауап берді қала басшысы.
zhaikpress.kz