Орал қаласы әкімдігінің назарына!
Тура бір айдан кейін кезекті рет Жеңіс күнін қарсылаймыз. Осы мейрам күні жылдағыдай үлкен-кіші тайлы-таяғы қалмай, облыс орталығындағы «Мәңгілік алау» алаңына ағылатындығы анық.
Ал сол кезде Ауғанстанда әскери борышын өтей жүріп, қаза тапқан ерлерге арнап орнатылған ескерткішке тиесілі мына жазудың тап осы күйде тұрғаны ақылға сыйымсыз, көңілге қонымсыз. Осы ағаттықты түзетуге, әрине, әлі де уақыт бар. Тек «Сен салар да, мен салар, атқа жемді кім салардың?» кері болып жүрмесе екен...
Редакция алқасы
zhaikpress.kz