3.07.2017, 16:05
Оқылды: 27

Мұрат Мұқаев: «Көпір құрылысын мерзімінен бұрын аяқтау керек»

DSC_0041«Депо» көпірінің діңгектерін орнату үшін 14 метр тереңдіктегі 59 ұңғыма дайындалуда. Қазіргі кезде соның 45-і бұрғыланып, оған бетон құйылған. Бұл жайында Орал қаласының әкімі қызметіне тағайындалғаннан кейін құрылыс нысандарын аралауға кіріскен Мұрат Мұқаевқа «КА-СТРОЙ ЛТД» ЖШС-ның директорының орынбасары Төлеген Қарағойшин айтты.


– Көпір діңгектерінің қаңқасын тұрғызуға құрылыс материалдары дайын. Темір арқаулары түгел. Бетон дайындауға «Талап» АҚ басшылығымен келісімшарт жасадық. Бірнеше құрылыс фирмаларымен байланыстамыз. Шілде айында ұңғыма жұмыстарын аяқтаған соң, тіреулерін көтеріп, беларқасын саламыз,  – деді Төлеген Қарағойшин.

Құрылыс учаскесінде 59 адам еңбек етуде. Көпір тіреулерін тұрғызуға 21 техника іске қосылған. Шаһар басшысы көпір құрылысын мерзімінен бұрын аяқтауға тырысу керектігін, себебі қала тұрғындары құрылыстың ерте аяқталуына үміт артып отырғанын айтты.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале