16.11.2023, 17:00
Оқылды: 37

Мұстафа Шоқай қандай газет шығарды?

«Бірлік туы» газеті 1917-1918 жылдары Ташкент қаласында шығып тұрған саяси-қоғамдық газеттердің бірі болды. Газеттің құрылтайшысы болған «Бірлік туы» серіктестігі болса, оның негізін қалаған Садық Өтегенұлы есімді азамат болған.

калам

Ал «Бірлік туы» газетін ұйымдастырушы және газеттің халыққа жетуіне ұйтқы болған басқарушысы, яғни, алғашқы редакторы белгілі ұлт қайраткері Мұстафа Шоқай еді.
Газет сол кезде бүкіл Түркістан даласына таралды. Газетте сол кездегі күрделі саяси оқиғалар, қоғамдағы текетірестер, Түркістан автономиясын дайындау, жариялау және құру туралы маңызды мәселелер жарияланады.
Сондай-ақ басылымда қазақ зиялылары С.Қожанов, М.Дулатов, А.Мәметов, Б.Майлин, Х.Болғанбаев, Ш.Сарыбайұлы, Қ.Күлетұлы, Ж.Басығарин, Е.Шәрменұлы секілді танымал қайраткерлердің мақалалары жарияланып отырады.
Алайда Түркістанда большевиктер билігінің күшпен келуі Түркістан автономиясын құру мүмкіндігін айырып, оның соңы автономияшылдарды қуғындауға әкеледі.
Осылайша Түркістан өлкесінде жергілікті билікті орнатуда үн қағаз болған «Бірлік туы» газеті өзінің қоғамдық-саяси өмірінде бар болғаны 16 номерін жариялап үлгерген ұлт газеттерінің бірі ретінде тарихта қалады.

Зұлқожа Шарафутдинов
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале