4.03.2026, 11:30
Оқылды: 41

Мұз кәмпит, попкорн және чипстер: стоматолог тіске зиян тағамдарды атады

Стоматолог-ортопед Кристина Савостьян тіске зиян тағамдарды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru" басылымына сілтеме жасап. 

жп мамандар галереясы стоматолог (8)

Оның айтуынша, тіс денсаулығына зиян келтіретін өнімдердің қатарына өте қатты тағамдар жатады: мұз кәмпит, ирис, карамель, шоколадпен қапталған жаңғақтар, тазартылмаған шемішке, тоқаш кептірмелері, кепкен нан, чипстер, сондай-ақ, попкорн.

Савостьян тіс эмаліне шәрбатқа малынған кептірілген жемістер, сірке суы және қышқыл маринадтар да зиян екенін қосты. Дәрігердің айтуынша, жаңа сығылған шырындар да тіс эмалін жұқартуы мүмкін.

"Тағамның өзі емес, гигиенаны елемеу және стоматологтан қорқу қауіпті. Тістеріңізді күтіңіздер, үнемі гигиеналық тазалауға және профилактикалық тексерулерге барып тұрыңыздар. Сонда бәрі жақсы болады", - деп түйіндеді стоматолог.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале