19.07.2024, 15:45
Оқылды: 212

Мұз қосылған салқын кофе қатерлі ісікке әкеліп соқтыруы мүмкін

Ыстық кофенің құрамында салқынға қарағанда ағзадағы қабыну деңгейін төмендететін арнайы молекулалар - антиоксидант көп. Бұл туралы кардиолог Маджид Басит пен эндокринолог Эва Квинар айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail сілтеме жасап.

C17F1C2F-E64C-4117-9CAA-3FA030C75A96

Фото: pixabay.com

Дәрігер антиоксиданттар бос радикалдарды жою арқылы тотығу процесін тежейтін табиғи қосылыстар екенін түсіндірді. Бос радикалдар немесе тотықтырғыштар адам ағзасындағы көптеген процестің жанама өнімдері. Олардың жиналуы жасушаларды зақымдайды және жүрек ауруы, Альцгеймер ауруы, бүйрек жеткіліксіздігі және қатерлі ісік сияқты қауіпті ауруларға әкеп соқтырады.

Бос радикалдарды жою кезінде ыстық кофе тиімдірек. 2018 жылы Scientific Reports журналында жарияланған зерттеу мұз қосылған салқын кофеде антиоксиданттардың аз екенін көрсетті. Өйткені салқынға қарағанда ыстық суда дәндерден көбірек қоректік заттар бөлінеді. 

Дегенмен, мұз қосылған салқын кофенің де артықшылықтары бар. Эндокринолог Эва Квинардың айтуынша, салқын сусынның құрамында магнийдің деңгейі жоғары, хлороген қышқылдары деп аталатын арнайы антиоксиданттар бар. Олар қандағы қантты реттеуге және қан қысымын қалыпқа келтіруге көмектеседі, бұл жүрек ауруының даму қаупін азайтады.

Сонымен қатар, салқын кофенің ыстыққа қарағанда қышқылдығы төмен, яғни салқын кофе ішкенде ас қорыту жүйесінің бұзылу ықтималдылығы төмен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале