26.08.2024, 22:00
Оқылды: 65

"Мылтық, ақша, ноутбук, алтын бұйымдар". Оралда үйге ұрлыққа түскен қаскөйлер ұсталды

Оралда полицейлер пәтер ұрлығын ізін суытпай ашып, қаскүнемдерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция ЖП (жаңа фото)

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 тамызда Орал қаласындағы ескі әуежай ауданында жеке үйлердің бірінде пәтер тоналған. Бұл кезде үй иелері қонақта болған.

"Қылмыскерлер үйге терезе арқылы кіріп, 3 млн 200 мың теңге ақшаны, алтын бұйымдарды, ноутбук, сондай-ақ 1984 жылы туған үй иесіне тиесілі сейфте тұрған мылтықты ұрлап әкеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Бәйтерек ауданының бұрын пәтер ұрлығы үшін сотталған екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар 2020 жылы Жұлдыз және Ескі әуежай шағын аудандарында эпизодтық пәтер ұрлығын жасағаны, бұл үшін сотталғандары анықталды. Тінту кезінде ұрланған қару күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен табылды, олар оны үйдің ауласына көміп тастаған. Ноутбук күдіктінің әпкесінен, ал алтын жалатылған білезік алтын зергерлік бұйымдарды сатып алушыға тапсырылған", делінген полиция хабарламасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале