5.08.2021, 10:36
Оқылды: 117

«Мың бала» ұлттық олимпиадасында БҚО оқушылары жоғары нәтиже көрсетті

Елбасының "Ел үміті" жалпыұлттық бастамасы негізінде  бірнеше жоба іске асырыла бастады. Нұрсұлтан Назарбаев қорының 2020 жылдағы ең ірі жобаларының бірі - "Мың бала" ұлттық олимпиадасы. Олимпиада – ауыл мектептерінің неғұрлым қабілетті оқушыларын анықтауға, олардың академиялық даярлық денгейін арттыруға арналған бірегей жоба. Ауыл оқушыларына арналған "Мың бала" олимпиадасы Елбасының "Ел Үміті" бастамасын іске асыру шеңберінде өткізіліп келеді. Биыл екінші рет өткізіліп отыр. Олимпиаданы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп "Елбасы академиясы"  корпоративтік қоры ұйымдастырады.

олимпиада

"Мың бала" олимпиадасына Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5, 6 сынып оқушылары және бұған дейін осы олимпиадаға қатысқан ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада тегін өткізіледі. Олимпиаданы өткізу кезінде оқушылардың танымдық және академиялық дағдылары онлайн және оффлайн компьютерлік тестілеу арқылы бағаланды. Кәсіби мамандардың жұмыс тобы тест сұрақтарын әзірлеудің халықаралық стандарттарын ескере отырып құрастырған. Мұнымен қоса ауыл мектептерінің оқушыларына бейімделіп жасалған.

Білім додасы 2 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауды қамтиды. Тестілеу Елбасы Академиясының платформасында онлайн өткізілді.

Кешенді тестілеу  логикалық ойлау және кеңістіктік ойлау бөлімнен тұрды. Өңірлер бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған  оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне өтті. Өткен жылдың жеңімпаздары да олимпиадаға қатысты, оларға тестілеудің II кезеңінен бастап қатысу құқығы берілген.

Олимпиаданың екінші кезеңі өңірлік тестілеу орталықтары базасында оффлайн  ұйымдастырылды.

Бұл кезеңде қатысушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін қазақ тілі, орыс тілінде оқитын үшін орыс тілі, жалпы ағылшын тілі, жаратылыстану пәндерінен компьютерлік тестілеуден өтті.

БҚО-дан  2020 жылы "Мың бала" ұлттық олимпиадасына 9 496 оқушы қатысып, ІІ кезеңге 200 оқушы жолдама алды. Ал ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша 92 жеңімпаз іріктелді.

Оның 49-ы 5 сыныпта, 43-і 6 сыныпта оқиды. Бүгінде 6 сынып бойынша жеңімпаз атанған оқушыларымыз  РФММ, облыстың мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептерінде және НЗМ-да білім алуда. Ал олимпиаданың қалған финалистері Елбасы академиясы жанындағы "Birge oku" онлайн мектебінде тегін білім алу құқығына ие болды. Жеңімпаздарға "Елбасы академиясы" корпоративтік қоры атынан ноутбук сыйға тартты. Барлық оқушыға сертификат табысталды.

         Биыл өткен "Мың бала" олимпиадасына облыстан алғашқы іріктеу кезеңіне 4 964 оқушы қатысып, 213 оқушы ІІ кезеңге өтті.  Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша 51 жеңімпаз атанды. Оның 22-і 5 сыныпта, 29-ы 6 сыныпта оқиды. Казір  6 сынып бойынша 29 жеңімпаздың 3-уі Алматы қаласындағы  РФМ мектебіне өтсе, облыстық дарынды балаларға арналған  мамандандырылған мектепте  - 20 оқушы және 1 оқушы Маңғыстау облысының «Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернатын» таңдады. Ал екі оқушы өтінішітері бойынша өз мектептерінде білімдерін жалғастырады.

Қалған   жеңімпаздарды облыстық  дарынды балаларға арналған мектептерге орналастыру жұмысы жүргізілуде. "Мың бала" олимпиадасы бойынша облыс оқушылары 2 жыл қатарынан жоғары  нәтиже көрсетті. Өңіріміз білім сапасы республика  көшбасшыларының катарында.

             2021  жылдың 1 қыркүйегіне дейін дарынды балаларға арналған мамандадырылған облыстық мектептер олимпиада жеңімпаздарын қабылдап, ҰБДҚ дерекқорына толтырылады.

 

Г. Дуйсенгалиева, 

«Дарын» қосымша білім

орталығының директоры

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале