Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына тіркелу ашылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінде айтылды.
Биылғы олимпиадаға қатысу үшін өтінімдер 1 наурыз бен 30 наурыз аралығында қабылданады. Оған тіркелу 1000bala.elumiti.kz сайтында қол жетімді. Олимпиадаға соңғы екі оқу жыл ішінде Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алып жатқан 6-сынып оқушылары қатыса алады.
2023 жылғы олимпиадаға тек 6-сынып оқушылары қатыса алады. Биыл мұғалімдер тіркеуден өтті, олимпиада қорытындысы бойынша оқушылары жеңімпаз атанған мұғалімдерге сертификат беріледі. Сондай-ақ биыл сайтта өткен жылдағы тест тапсырмалары бойынша дайындалуға мүмкіндік беретін тренажер іске қосылды.
«Мың бала» олимпиадасының мақсаты - ауылдық жерлерде оқитын 6-сыныптың ең қабілетті 1000 оқушысын анықтап, оларға еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математика мектептерінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде білім алуға мүмкіндік беру. Олимпиаданың бес мың финалисі Birge oqý онлайн-мектебінде тегін оқи алады. Яғни, елдегі оқушылардың қабілетін дамытуға тең жағдай жасалады.
Айта кетейік, «Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады.
I кезең 2023 жылдың сәуір айының 3-ші мен 7-сі аралығында өтеді. Бұл кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауға арналған тапсырмалардан тұрады. Тестілеу онлайн-форматта өтеді. Облыстарда ең жоғары қорытынды балл алған бес мың оқушы олимпиаданың ІІ кезеңіне өтеді.
Олимпиаданың II кезеңі 2023 жылғы сәуір айының 26 мен 28 аралығында өңірлік тестілеу орталықтарында күндізгі форматта өтеді. Қатысушылар II кезеңде математикалық сауаттылық, қазақ тілі (қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін), орыс тілі (орыс тілінде оқитын оқушылар үшін), ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін бағалауға бағытталған компьютерлік тестілеуден өтуі қажет.