9.05.2022, 20:00
Оқылды: 52

Мың тағзым, ардагер!

Жеңістің 77-ші көктемін оралдықтар әдеттегідей Жеңіс алаңында қарсы алды. Мыңдаған тұрғын мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, майдангерлер рухына тағзым етті. Облыс әкімі Ғали Есқалиев, Ұлы Отан соғысының ардагерлері – Вениамин Скаленко, Иван Гапич, тыл ардагері Жайсаң Ақбай да Отанын қорғаған боздақтар рухына құрмет көрсетті.

 D2A51CD4-1EBF-4B0B-9C80-8CD8E9458701

Күннің салқындығына қарамастан, Жеңіс алаңына қала тұрғындары көп жиналды. Бір өкініштісі, соғыс ардагерлерінің қатары жыл сайын азайып барады. Жеңіс алаңына ертелеу келген соғыс ардагерін көрген тұрғындар онымен естелік суретке түсуге асықты. Кішкентай балалар да өңірі орден-медальға толы майдангермен суретке түскеніне мәз болып, мақтанып жатты. Мәңгілік алау басында Ұлы Отан соғысында қаза болған бабаларын еске алып, рухына тағзым еткен жан-дардың  қатары көпке дейін сиреген жоқ.

Қалалық ішкі саясат бөлі-мінің берген мәліметіне сүйенсек, облыста 21 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Олардың 17-сі – қала  тұрғындары. Майдангерлердің басым бөлігі денсаулығына байланысты Же-ңіс алаңына келе алмады. Биыл Жеңістің 77 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 000 000 теңге көлемін-
де әлеуметтік көмек берілді.

Бұл күні қаламыздағы бауырластар зиратына, сондай-ақ «Қазақ халқының даңқты қыздары», өзге де
ескерткіштерге  гүл шоқтары қойылды. Елең-алаңнан басталған боздақтарға тағзым іс-шарасы қалалық саябақтағы концерттік бағдарламаға ұласты.

 Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале