Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Надежда Морозова Жапонияның Хатинохе қаласында өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Спортшы 1000 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті.
Морозова бұл қашықтықты 01:17.16 уақыт көрсеткішімен бағындырып, күміс жүлдені жеңіп алды.
Бірінші орынды америкалық Бриттани Боуи (01:15.65) иеленсе, үшінші орын АҚШ спортшысы Кими Гетцке (01:17.23) бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер командасы топтық кезеңде үшінші орын алған еді.