Ақтөбеде ферроқорытпа зауытының жұмысшысы көз жұмды. Бұл туралы Ұлттық арна хабарлады.
Фото: pixabay.com
Жұмысшы жедел жәрдем бригадасы жеткенше қайтыс болған.
– Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аумағында 35 жастағы ер адамның ес-түзсіз жатқаны туралы хабар түсті. Жұмысшылардың айтуынша, кешкі астан кейін ол далаға шыққан. Іште отырған жұмысшылар оған найзағай түскенін, кейін қозғалыссыз қалғанын көрген. Сол кезде жедел жәрдем шақырған. Алайда жұмысшы жедел жәрдем бригадасы жеткенше көз жұмған, - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.