Синоптиктер Қазақстанда 10-12 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Болжам бойынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронталь учаскелермен анықталады, сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 10-12 маусымда республиканың солтүстігінде, шығысында, орталық және оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда жаңбыр, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болжанды.
Қазақстанның күрт континенттік климатында қалыптан тыс температура айтарлықтай төмендейді. Температура оңтүстікте, шығыста +20-29 дейін, орталықта +20-33, 11-12 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында +23-28 дейін болады", делінген хабарламада.
С. Бөлек
massaget.kz