Бұл Нариманның осы маусымда ат снарядындағы 3-жүлдесі. Ол 10 күн бұрын Дохада өткен Әлем Кубогының 2-кезеңінде алтын алған. Ал Германияның Котбус қаласындағы алғашқы кезеңде үздік үштікті түйіндеген. Осыған дейін қазақстандық гимнастар бір маусымда 2 алтын медальге қол жеткізбеген еді.
Айта кетейік, кеше Бакуде еркін бағдарламада Милад Карими үздік атанған. Қазақстан құрамасы лицензиялық бұл кезеңді 2 алтын жүлдемен аяқтады. Әзірбайжан астанасындағы кезеңге 32 елдің 32 елден 57 атлеті(32 ер, 25 әйел) жиналды.
Әлем Кубогының осы маусымдағы соңғы кезеңі Каирде өтеді.