10.02.2025, 14:30
Оқылды: 407

Наурыз айында Орал әуежайынан рейстер саны артады  

Наурыз айында Орал қаласынан 6 бағыт бойынша тұрақты және чартерлік жолаушылар рейстері жоспарланған. Рейстерді 4 әуекомпания орындайтын болады.

istockphoto-1526986072-2048x2048

Сурет: istockphoto

Екі әуекомпаниясы Шарм-эль-Шейхке маусымдық рейстерді жалғастырады. Бұл Scat және Fly Arystan.

Ішкі желілерде бойынша Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларына рейстер орындалады. Астана мен Алматыға рейстер күн сайын жүзеге асырылады. Наурызда Fly Arystan бұл қалаларға қосымша рейстерді бастайды. Осылайша, 3 наурыздан бастап әр дүйсенбі Астанаға ұшатын қосымша рейс іске қосылады. Сондай-ақ мереке күндері қарсаңында Астанаға тағы 6 қосымша рейс және Алматыға 2 рейс іске қосылады.

Айта кетейік, 5 ақпаннан бастап Астанаға әр сәрсенбі күні ұшатын қосымша рейс іске қосылды.

Орал қаласы әуежайының баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале