19.03.2021, 21:29
Оқылды: 48

Наурыз гүлі

Мерекелердің төресі және көнесі – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Орал өңірі» газетінің редакция ұжымы былтырғы жылы бастау алған іс-шараны дәстүрге айналдырып, бар тіршіліктің жанданатын шағы көктемнің белгісі ретінде өзара гүл сыйласты. Аталмыш шара былтыр өзара ынтымақтастық пен бірлікті, кішіпейілділік пен сыйластықты арттыру мақсатында телеарнадан көрсетіліп, халыққа насихатталған еді.

3359F8E1-C8D6-4813-B92C-4F8766229E8E

– Наурыз  – Жер-ананың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез. Табиғат жан-дүниесімен жадырап, өзегінен қауашақ жарып, көкөрім өмірдің нәрін көктететін, тіршілік біткеннің тулай аққан қанын жаңаша жасартатын шақта адамның адамға гүл сыйлауы – жанды жадыратып, көңілге қуаныш ұялатар іс. Ендеше, осынау қуанышты мерекеде құшақтарыңыз гүлге толып, шаңырақтарыңыздан ырыс, құт-береке, молшылық кетпесін! – деді ұжымды Жаңа жылмен құттықтаған «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин.

Өз қолдарымен отырғызған қалыңқой (каланхоэ), әйел бақыты, доллар, наурызшешек (примула) секілді гүлдерді бір-біріне шынайы пейілмен сыйлаған әріптестер мерекелік шат-шадыман  көңіл күйде ризашылықтарын білдіріп жатты.

Біздің ендігі тілек осы ізгі іс өз жалғасын тауып, өзге мекеме-ұйымдарға да жұғысты болса дейміз.

Мәрзия Исайқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале