20.03.2024, 13:00
Оқылды: 56

«Наурыз» марафоны өтіп жатыр

Бұл Ұлттық арнаның көрерменге тартуы.

18099d49-1064-4fce-909e-e87211bde102

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай марафон сағат 11:00-де басталды.

Марафон 15:00-ге дейін жалғасады.

«Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

d2a03a6e-242d-4f3b-b03d-5d51ac2e1371

Іс-шараға Мәжіліс және Сенат депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнер мен мәдениет, ұлттық спорт өкілдері және ерекше ерлігімен көзге түсіп жүрген қазақстандықтар қатысып отыр.

Шарада арнайы құрылған этноаумақ, түрлі тақырыптағы талқылаулар өткізілетін дискуссия алаңы және ұлттық ойындар алаңы бар.

Фото: t.me/nauryzmarathon

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале