13.02.2026, 12:00
Оқылды: 61

Наурыз мейрамы қарсаңында теміржол тасымалына 35 мың қосымша орын ашылады

Наурыз мейрамы кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды, сондай-ақ сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230-ға жуық тіркеме вагон енгізеді. Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Қабылданған шаралар мереке күндерінде билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жазды. 
_gluster_2026_2_13_e18c0c3ace1f993bc0b149ac9e3be376_1280x720

Қосымша пойыздар қозғалысы

№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»

  • Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;
  • Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.

Барлығы — 6 рейс.

№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»

  • Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;
  • Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.

Барлығы — 8 рейс.

№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»

  • Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;
  • Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.

Барлығы — 6 рейс.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

Анықтамалық ақпарат 1433 тегін нөмірі, сондай-ақ Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасы арқылы ұсынылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале