19.03.2026, 10:15
Оқылды: 23

Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күні

Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні, яғни 19 наурыз – елімізде «Жаңару күні». Атаулы күн жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Наурызда табиғат түлеп, тіршілік қайта жанданады. Ел ішінде де игі істер мен жаңа бастамалар көбейіп, жұртшылықты ізгілік пен бірлікке жетелейді.

_gluster_2026_3_19_88a770dc8bf28cd6deba1c6b924c016f_1280x720

Осыған орай республикалық мәдениет ұйымдары бірқатар іс-шаралар ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде дәстүр мен рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мәдени-танымдық іс-шара өтеді. Мәдениеттерді жақындастыру орталығында тазалық пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мақсатында «Жаңаруды – тазалықтан бастайық» атты сенбілік жоспарланып отыр. Ұлттық музейде «Наурыз — жаңару мен бірліктің мерекесі» атты мәдени бағдарлама ұсынылады. Ал Республикалық академиялық неміс драма театры саябақта көктемгі жаңару мен жастар тақырыбына арналған бағдарлама ұйымдастырмақ.

Мерекелік іс-шаралар ел өңірлерінде де жалғасады. Әр аймақта экологиялық акциялар, сенбіліктер, ағаш отырғызу, мәдени-ағартушылық бағдарламалар өткізіледі. Қарағанды облысында экологиялық бастамалар мен жастар акциялары өтсе, Ақмола облысында аумақтар абаттандырылады. Ақтөбе облысында тақырыптық бағдарламалар мен қоғамдық іс-шаралар жоспарланған, ал Маңғыстау облысында жастар мен волонтерлердің қатысуымен түрлі жобалар жүзеге асады.

Наурызнама аясындағы «Жаңару күні» – игі бастамалар мен ізгі істер арқылы жаңару, жауапкершілік пен қоғамға қызмет ету құндылықтарын насихаттайтын ерекше күн. Бұл күні болатын іс-шаралар жұртшылықты ортақ мақсатқа жұмылдырып, жасампаздыққа үндейді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале