Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Жайық өзенінің жайылмасында орналасқан саяжайлар мен бау-бақша серіктестіктерін су басу қаупі төнді.
Қазіргі уақытта Жайық өзеніндегі су деңгейі 728 см құрап, шекті деңгейіне жақындап қалды, сондай-ақ су әлі де келуде. Әсіресе, Ет комбинатының аумағындағы: Венера, Речник, Желаев ауданы: Арматурщик, Учужный затон, Зачаганск кенті (Бор тау аумағы), Стеновик және 1, 2, 3 - ші саяжай қауымдастықтары орналасқан аумақтар! Аталған аудандарда электрмен және газбен жабдықтау өшіріледі!
Шұғыл түрде үйден кетуіңізді талап етеміз!
Келесі мекенжайлар бойынша ең жақын дайындалған уақытша орналастыру пункттері:
Жеке құжаттарыңызды, ақшаларыңыз мен бағалы заттарды, өзіңізге қажет дәрі-дәрмектерді алу қажет! Терезелер мен есіктерді мұқият жабыңыз! Үй жануарларын қалдырмаңыз!
Біз сізге үйден кетуге және жақын жердегі уақытша орналастыру пунктіне баруға кеңес береміз.