27.05.2021, 19:39
Оқылды: 54

Назар аударыңыз, терроризмге қарсы күрес оқу-жаттығуы!

28 мамырда сағат 8:00-13:00 аралығында Орал қаласы аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының жоспарына сәйкес, терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өтеді.

ттт

Қала бойынша М.Мәметова және А.Тайманов көшелерінің қиылысынан Ә.Молдағұлова көшесіне дейінгі («Омега» зауыты ауданындағы көпір алды) және Н.Сдықов көшесіне дейінгі (жедел жәрдем станциясының жаны) жол бөлігінде қозғалыс тоқтатылады.

Оқу-жаттығудың мақсаты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының террорлік актілердің жолын кесу, олардың зардаптарын азайту, жою жөніндегі қызметке дайындығын тексеру болып табылады.

Көрсетілген уақыт кезеңінде жоғарыда көрсетілген аудандарда шектеу шаралары енгізіледі. Осыған байланысты тұрғындардың сабырлық танытуы сұралады. Сондай-ақ қауіпсіздік шараларын сақтап, жүріп-тұру бағытын алдын ала жоспарлауды және оқу-жаттығуларға жұмылдырылған құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауларыңыз сұралады.

БҚО полиция департаменті ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы адамның заңды талабына бағынбаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.

 

БҚО ПД баспасөз қызметі

Сурет turaninfo.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале