(Мерекелік әзіл)
Әскерден келіп, ауылдың көшесіне «Қаһан» атанып жүрген кезім. Негізі азан шақырып қойған есімім – Қоғабай. Үстімдегі әскери киімімді дембелдің алдында сәнді өрнектермен безендіріп тастағам. Омырау толған значоктар, 1-2-3-разряд. Бұл значоктардың неге берілетінін өзім де түсініп жатқан жоқпын. Әскерде бірге служить еткен өзбек досым болған, жоқтан өзгені жинайтын да жүретін. Ескерткіш болсын деп сыйға берген еді. Сонымен не керек, таңертеңгі жүгіруден басталатын өмірден құтылып, рақаттанып жүрген кез. Күнде бір дос қонаққа шақырады. Қыза-қыза келгенде «десантныйда» служить еттім. Бес мың метрлік биіктіктен парашютпен талай-талай секірдік қой» деп «соғып» жіберемін. Дұрысында мен әскерде аспаздың көмекшісі болдым.
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №18 санынан оқи аласыздар.
Серік Жұмағалиев,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
Орал қаласы