6.04.2025, 9:30
Оқылды: 78

«Немереңді аман-сау көргің келсе, ақша аудар!»: БҚО-да екі адам ұсталды

Батыс Қазақстан облысында егде жастағы әйелді бопсалаған екі адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

«Күдіктілер әйелді қорқытып, немересін аман-сау күйде көргісі келсе, ақша беруін сұраған. Немересі бұған дейін күдіктінің бірінің туысымен некеде болғаны анықталды. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер қылмыскерлерді ақшаны алып тұрған жерінде ұстады. Әйел оларға 50 мың теңге берген. Жәбірленуші бұған дейін оларға 200 мың теңге берген», - деп жазылған хабарламада.

Тергеу барысында күдіктілер бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталған. ІІМ мәліметінше, олардың бірі жазасын өтеу орнынан шыққаннан кейін небәрі 20 күннең соң қайта қылмыс жасаған.

«Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, күдіктілер үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, олардың мүлкі тәркіленуі ықтимал.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале