Қаржы алаяқтығының деңгейін төмендету мақсатында Қазақстанда несие алудан ерікті түрде бас тарту шарасы енгізілді, оның аясында әр азамат өз атына кредит ресімдеуге тыйым сала алады. «Стоп кредит» қызметі egov.kz сайты арқылы және E-gov mobile қосымшасында қолжетімді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі нұқсаулық ұсынады.
Шектеуді компьютер арқылы енгізу үшін төмендегі нұсқаулықты орындаңыз:
Аталған қызметті ұялы телефон арқылы алу үшін:
Осыдан кейін кредиттік тарихыңызда несие алудан уақытша бас тартқаныңыз туралы белгі пайда болады. Кредиттік ұйым несие бюроларынан деректерді сұрап, мұндай шектеу белгісін көреді және автоматты түрде клиентке кредит бермеу туралы шешім қабылдайды.
Егер адамның атына кредиттер ресімдеуге дербес тыйым салынғаннан кейін оның атына қарыз ресімделсе, онда берешек автоматты түрде жойылады.
Маңызды: қызметті кез келген уақытта өшіруге болады. Шектеу ломбардтарға, сондай-ақ өз клиенттерінің кредиттік тарихына баға бермейтін басқа ұйымдарға қолданылмайды.
2024 жылдың 30 желтоқсанындағы мәлімет бойынша, «Стоп кредит» қызметін 920 мыңнан астам азамат пайдаланған.