Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие төлейтін мерзімін тиімді шегеру жолын жазды.
Несие бойынша төлем мерзімін кейінге шегеру дегеніміз не?
Бұл несие алушыны төлем жасаудан уақытша босату. Бірақ ол қарызды кешіру емес, тек төлемдерді кейінге қалдыру екенін ескеру қажет. Кейін банк несиенің мерзімін ұзартуы немесе төлемдерді көбейтуі мүмкін.
Егер мерзімін кейінге шегеру рәсімі ресми түрде келісіліп, шарттың талаптары орындалса, бұл несие тарихына теріс әсер етпейді.
Төлем мерзімін кейінге шегеруді кім рәсімдей алады?
Банк өтініштерді жеке тәртіппен қарайды. Көбінесе, оң шешім келесі жағдайларда қабылданады:
2024 жылдан бастап мерзімді әскери қызметшілерге несие бойынша мерзімін кейінге шегеру автоматты түрде беріледі – өтініш берудің қажеті жоқ. Бұл тек қызмет ету кезеңін ғана емес, одан кейінгі 60 күнді де қамтиды. Сондай-ақ осы уақыт ішінде пайыздар мен айыппұлдар есептелмейді.
Мерзімін кейінге шегеруді қалай рәсімдеуге болады?
Өтінішті банкке немесе микроқаржы ұйымына (МҚҰ) кеңседе, мобильді қосымшада немесе электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Неғұрлым ерте хабарлассаңыз, шешім қабылдау ықтималдығы соғұрлым жоғары.
Қаржылық қиындықтарды растайтын құжаттарды ұсыну қажет:
Банк немесе МҚҰ өтінішті 15 жұмыс күні ішінде қарайды. Мүмкін нұсқалар:
Егер негізсіз бас тартса, банк омбудсманына (банктер үшін) немесе микроқаржы омбудсманына (МҚҰ үшін) жүгінуге болады. Егер олар да көмектесе алмаса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдануға болады.
Агенттік бірнеше ескертуді де жариялады.