Заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлы өзінің инстаграм парақшасында несиені мерзімінен бұрын жабу кезінде ескеру керек жайттарды айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлы пайызы көп несиені жабуды жеңілдету үшін не істеу керегін айтты.
"Мысалы, 5 миллион теңгеге автонесие алдыңыз. Несие мерзімі - 5 жыл. Ай сайынғы төлем - 141 мың теңге. Артық төлемді есептейміз. Артық төлемді қарасақ, 3 567 186 теңгені құрайды. Несиенің пайыздық мөлшерлемесін анықтаймыз. Деректерімізді кері есеппен несие калькуляторына енгізсек, бізде жылдық 23%-дық мөлшерлемемен несие бар екенін анықтаймыз. Бәрі ашық болып көрінетін еді, бірақ егер мен 23%-бен төлей алмаймын десем, қаражат өте көп кетеді. Жеңілдету үшін не қажет?
Біріншіден, мерзімінен бұрын төлемдерді несие мерзімінің тек бірінші жартысына, ал одан да жақсысы бірінші жарты жылға төлеңіз. Ең үлкен пайыздар әрқашан мерзімінің басында болады.
Екіншіден, мерзімінен бұрын төлемдерді ай сайынғы төлемдік кесте бойынша жасағаннан кейін ғана келесі күні барып төлеңіз. Төлем ашкөз банкке пайыздар түрінде емес, негізгі қарызды өтеуге кететін болады.
Үшіншіден, мерзімінен бұрын өтеу кезінде банктен ай сайынғы төлемдерді емес, несие мерзімін қысқартуды сұраңыз. Несиенің жалпы мерзімін қысқарта отырып, біз қарыз-қаражатын пайдалануды, аударуды азайтамыз. Демек біз аз пайыз төлейміз.
Осылайша, біздің мысалда біздің артық төлеміміз небәрі 830 мың теңгені немесе жылдық 16%-ды құрайтын болады. Несиені ақылмен жабайық, достар", - деп кеңес берді заңгер.