NIS-тің өнерлі шәкірттері 1 қазан – Қариялар күніне орай қарттар үйін құттықтай барды.
Ән мен би шашуын ұсынып, күмбір күймен мерекелік көңіл күй сыйлады. Бір-біріне жылы қарым-қатынасқа бағыттайтын тренинг ұйымдастырып, үлкен буынның алғысына бөленді.
Сонымен қоса мерекенің құрметіне білім ордасының атынан кітаптар тарту етті.
Айта кету керек, бұл шара Назарбаев Зияткерлік мектебінде зейнеткерлер мен жалғызбасты қарияларға қолдау көрсету, олардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға бағытталған «Ұрпақтар сабақтастығы» және рухани-адамгершілік қасиетті дамытып, қайырымдылыққа тәрбиелейтін «Қоғамға қызмет ету» әлеуметтік жобасы аясында өтті.
Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі