5.12.2023, 17:08
Оқылды: 6

NIS оқушысы «Шапағат – 2023» байқауынан арнайы жүлде жеңіп алды

Орал қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Нұрсұлтан Зинуллин республикалық «Шапағат» байқауында «Өнертабыс саласындағы инновациялық жобалары үшін» номинациясына лайық деп танылып, қомақты қаржылай сыйлыққа ие болды.

45ad5809-a6ff-46c3-8184-6bb4d6f34fbc

Жас өнертапқыш «DFAN-01. Ауыл шаруашылық дроны» жобасын ұсынған болатын. Кеше Астана қаласында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК және ҚР Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен өткен байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

8261bf6a-c6ec-47aa-8454-69d4dcf8654f

Қазақстандық ғалымдардың өнертапқыштық қызметін және отандық кәсіпорындардың үздік жетістіктерін қолдау және ынталандыру мақсатында өткен ауқымды байқауда елдің бірегей ғалымдары мен осы саладағы жас дарындар арнайы атақтар алды. Оның ішінде Нұрсұлтанның жұмысы үлкен бағаға ие болды.

– Бұл дрон арқылы егін шаруашылығының жұмысын жоспарлау үшін ауа райын алдын ала болжауға болады. Алқаптағы өскіндердің әр бөлігін сканерлеп, ішкі күйінен хабар алуға мүмкіндік бар. Сонымен қоса тыңайтқыш пен улы заттарды шашатын және алқаптағы қозғалыстарды қадағалайтын функциялары бар. Бұл жетістік тек менікі ғана емес. Бұл жобада Өтепқали Махамбет, Базарғали Нұрдәулет достарымның еңбегі зор. Ең алдымен, жетекшілерім физика пәнінің мұғалімі Сакен Батырғалиұлына, Нұрболат Сәрсенғалиұлына және экономика пәнінің мұғалімі Айгерім Бейбітқызына алғысым шексіз, – дейді зияткер.

 

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік

мектебінің баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале