Біле жүріңіз!
ХІV ғасырдың 50-60 жылдары аралығында Алтын Орда иелігінен бөлініп шыққан ордалықтың бірі – Ноғай ордасы. Негізін қалаған Едіге батыр.
Орталығы – Жайық өзенінің Каспийге құяр сағасындағы Сарайшық қаласы.
Орданың негізгі халқын маңғыт, қоңырат, найман, арғын, алшын және қазақ рулары құрады.
Едіге батыр 1352-1419 жылдары аралығында Еділ-Жайықта жеке билігін жүргізді. Оның маңғыт руынан шығуы, кейіннен орданың «маңғыт» атануына себеп болды.
Ноғай ордасының саяси құрылымы негізінен феодалдық-иерархиялық жүйеге негізделді. Билік басында тайпаның немесе рудың сайлаған өкілдері отырды.
Орданың ең жоғары билігі – Билердің Үлкен Кеңесі деп аталды. Онда мемлекеттік мәселелер шешіліп отырды. Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілді.
1426-1440 жылдары Ноғай ордасын Едігенің баласы Нұраддин басқарды. Нұраддин тұсында Ноғай ордасы дара және дербес билікке қол жеткізді. Жылдың төрт мезгілінде Еділ-Жайық және Жем жағалаулары толықтай Ноғай ордасының қонысына айналды.
ХV ғасырдың екінші жартысында Ноғай ордасы билігінің басына Нұраддиннің баласы Мұса келді. Осы кезде орыс отаршылдығы күшейді, Орал казактары мен Еділ қалмақтарының шабуылы жиіледі. Жер үшін күресте сыртқы шапқыншылықтар салдары Ноғай ордасын әлсіретті. Оның соңы Ноғай ордасының құлауына әкеп соқты.
Ноғай ордасының соңғы билеушісі Орманбет бидің өлімі он сан ноғайдың бүлінген күні ретінде тарихта қалды.
Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz