"Уральские авиалинии" әуе компаниясы 2021 жылдың 17 желтоқсанынан бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстерді кезең-кезеңімен жаңартады, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Telegram-каналындағы парақшасында.
Рейстер А320 әуе кемесімен бірнеше бағыт бойынша орындалады: Нұр-Сұлтан – Екатеринбург, аптасына 1 рейс (дүйсенбі); Нұр-Сұлтан – Красноярск, аптасына 1 рейс (бейсенбі); Нұр-Сұлтан – Жуковский, аптасына 3 рейс (сейсенбі, жұма, жексенбі); Алматы – Санкт-Петербург, аптасына 1 рейс (дүйсенбі); Алматы – Екатеринбург, аптасына 1 рейс (жұма). Министрлік әуе рейстері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатынын атап өтті.