22 тамыз күні сағат 19:50-де елордалық полицейлерге белгісіз біреулер Glovo курьерін ұрып-соққаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төрт жігіт Subaru көлігін тізгіндеп, кейін тоқтаған. Олардың бірі көліктен түсіп, Glovo курьерін таяқпен жарақаттаған.
Аталған факті бойынша Есіл ауданының полиция бөлімі 1-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.