«Зенит» және Қазақстан құрамасының орталық қорғаушысы Нұралы Әліптің мүддесін қорғайтын Player Career Management агенттігі футболшыға «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытқаны туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фото: prosports.kz
Әліп «Манчестер Юнайтедтің» назарына ілініп, клубтың скауттары Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Словения — Қазақстан (2:1) матчына 23 жастағы қорғаушының ойынын көруге келетіні жайлы хабар тараған.
«Агенттікке ешкім хабарласқан жоқ, қалғаны авторлардың өз еркінде. Ойыншы «Зенитке» тиесілі және қазір клубтың чемпионатта жеңіске жетуіне көмектесіп жатыр», - деді агенттік өкілі «СЭ» басылымына.
Әліп «Зенит» сапында 2022 жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетіп келеді. Осы маусымда санкт-петербургтік команданың негізгі құрам ойыншысына айналды. Оның Ресей чемпионымен келісімшарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.