Таяуда Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы және «Sultan Magazine» қоғамдық-саяси және ақпараттық-танымдық журналының бірлесіп ұйымдастыруымен Ыстанбұл қаласының Үскідар ауданында «Ұлы дала әйелдері» атты Қазақстан суретшілерінің көрмесі өтті.
Түрік ағайындардың назарына ұлтымыздың өнері мен мәдениетіне, рухани өмірі мен тарихына айрықша үлес қосып, ақыл-парасатымен ел есінде мәңгі сақталған 12 тарихи тұлғаның майлы бояумен салынған портреті ұсынылды. Көрмеге туындылары қойылған қазақстандық 5 суретшінің бірі — біздің әріптесіміз, яғни «Атамекен» өнер ордасының өнертанушысы Нұрбек Жәрдемов. Нұрбек Екпінұлы ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Тұран» халықаралық сыйлығының лауреаты.
Түркия төріндегі көрмеге қойылған 12 картинаның үшеуі Нұрбек Екпінұлының «Гаухар», «Қыз Жібек», «Мәншүк» картинасы.
Алтынбек Ермекалиев,
Орал қаласы