2009-2010 жылдары туған баскетболшы қыздар Талдықорған қаласында бас қосып, күзгі ел чемпионатының жүлделерін сарапқа салды. "Өркен" спорт кешенінде өткен жарыста өңір намысын облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебінің "BQO Arlans" командасы қорғады.
Одан бөлек аталмыш біріншілікте "Вarsy Atyrau Junior", Жетісу, Павлодар облысының құрамалары мен Астана қаласы әкімдігінің "№5 БЖСМ " командасы бақ сынады.
Чемпионат барысында Павлодар құрамасын 53-38, Жетісу облысының командасын 46-24, атыраулық баскетболшыларды 65-14 есебімен жеңген оралдық қыздар шешуші матчта 26-30 есебімемен астаналық құрбыларына жол берді. Осылайша олар күзгі ел біріншілігінің күміс жүлдегерлері атанды.
Ал өзін тек жақсы қырынан көрсетіп, командасын алған сүйреген Нұрғаным Төлеген ел чемпионатының "Үздік ойыншысы" атанды.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz