24.04.2022, 16:30
Оқылды: 41

Нұрқожа Қайпанов - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Ұлан-Батырдағы еркін күрестен Азия чемпионатында қазақстандық Нұрқожа Қайпанов күміс жүлдегер атанды.

210418193429685e

Ол осыған дейін екі мәрте Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған еді.

Бұл жолы 74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа ирандық Йонес Алиакбар Эмамичогаеймен белдесті. Қарсыластар бұдан бұрын өзара бір рет күресіп, онда Қайпанов ұтқан еді. Бүгін жеңіс ирандық балуанның еншісінде кетті - 2:5. Н. Қайпанов күміс медальді қанағат тұтты.

Тағы бір қазақстандық Акбар Құрбанов 61 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Ол бахрейндік Әлібек Әлібеговтен тартысты бәсекеде 5:4 есебімен айласын асырды.

Бүгін тағы екі қазақстандық финалда күреседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын еркін күрес шеберлерінің Азия чемпионатында 3 медаль алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, үш қазақстандық еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале