30.03.2025, 22:22
Оқылды: 332

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

0

Сурет: ҰОК

Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан спортшысы Орозбек Токтомамбетовпен кездесті. Нәтижесінде Нұрқожа Қайпанов 2:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Нұрқожа өткен жылы олимпиадалық емес салмақта (70 келі) әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ, бұған дейін Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) екінші орын алса, Рахат Қалжан (57 келіге дейін) қола медаль иеленген еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале