26.09.2023, 15:00
Оқылды: 23

Нұрлыхан Шархан Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Дзюдошы Нұрлыхан Шархан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азиаданың қола медалін жеңіп алды.

IMG_20230926_144732_671

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, медаль үшін шайқаста Шархан Оңтүстік Кореядан келген қарсыласы Джонхун Вонмен кездесті. Қазақстандық дзюдошы иппон әдісімен жеңіске жетті.

IMG_20230926_144735_281

Бұл Азия ойындарында Қазақстаннан келген дзюдошылар үшін бесінші медаль. Отандық татами шеберлерінің қоржынында бір күміс және төрт қола жүлде бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале