ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне бірқатар азамат салтанатты жағдайда қабылданды. Жиын «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында ұйымдастырылды.
-Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Еліміз тәуелсіздік алған 27 жылдың ішінде ғасырға бергісіз белестерден өтті. Алыс-жақын мемлекеттер танып, құрметтей бастады. Бұған, әрине, Елбасының қосқан үлесі ұшан-теңіз. Астана қаласында халықаралық басқосулар өтіп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, КСРО-ның құрамында болған 15 елдің ішінде Қазақстанда ғана ОБСЕ Саммиті өтті. Осыдан-ақ еліміздің дүниежүзлік аренадағы орнын білуге болады. Мемлекет басқарған тұлғаларға деген осындай құрмет өзге елдерде де бар. Сондықтан бұл күн қазақстандықтар үшін үлкен мейрам. Мерекелеріңіз құтты болсын,- деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен.
Басқосу барысында 140-қа жуық азамат «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне өтті. Олардың қатарында БҚО тексеру комиссиясының төрағасы Әлібек Қадырбеков, БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Бағдат Ізмағамбетов, «IT Group Kazakhstan» ЖШС-ның директоры Михаил Дудченко, «Агран» ЖШС-ның атқарушы директоры Василий Балакиров, «Желаев құмтасы» ЖШС-ның директоры Айбол Құспанов, «Нұржанар» АҚ-ның директоры Рустам Ахметов, «Жұлдыз» ЖК-ның директоры Жұлдыз Құспановалар бар.
Айта кетсек, облыста жалпы 34 197 «Нұр Отан» партиясы мүшесінен құралған 275 бастауыш партия ұйымы жұмыс жасайды.
Гүлсезім БИЯШЕВА,
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер