"Ақ бидай" ауыл спорты ойындарының аясындағы қазақ күресі бәсекесінде 90 келі салмақта батысқазақстандық палуан Нұрсұлтан Мырзахметов белдесті.

Финалға дейін алқынбай жеткен Нұрсұлтан ақтық сында Түркістан облысының палуанына жол берді. Осылайша ол "Ақ бидай" ауыл спорты ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz
Фото: Мейірбек Тажқұранов