25.09.2023, 11:30
Оқылды: 60

Нұрсұлтан Тұрсынов Қазақстанға күрестен Париж Олимпиадасының 2-жолдамасын алып берді 

Сербия астанасы Белград қаласында мәресіне жеткен әлем чемпионатында соңғы жарыс күні бозкілемге шыққан грек-рим күресінің шебері Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) әзірбайжандық палуан Ислам Аббасовты мерзімінен бұрын жығып, Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етті.

c9b9408d-f425-4adc-b182-0f636ff62c09

Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің telegram каналында хабарланды.

Еске сала кетейік, 32 жастағы Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасына 2021 жылы Азия құрлығындағы іріктеу турнирінде жолдама алып, барған.

Қорыта айтар болсақ, Қазақстан құрамасы Белградағы бәсекеде 1 алтын, 2 қола медаль және 2 Олимпиада лицензиясына қол жеткізді. Бұл Ұлттық құрама палуандары үшін тарихи нәтиже.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале