1968 жылы Жаңақала ауданының бұрынғы Қисық-Қамыс селолық округінде «Орта Азия Орталық» магистралды газ құбырының алғашқы құбыры қосылып Қисық-Қамыс компрессорлық станциясында №1к омпрессорлық цехының құрылысы басталып, 1985 жылға дейін бес цех іске қосылған. Сол кездегі коспрессорлық станциялар тәулігіне 19-38 миллион текше метр газ айдауға есептелініп салынған.
Фотода: Интергез Орталық Азия «АҚ» Орал МГҚБ Жаңақала ЖӨБ
«ҚазақГаз» ұлттық операторының «Интергаз Орталық Азия» Акционерлік Қоғамының Орал магистралдық газ құбырлар басқармасына қарасты Жаңақала желілік өндірістік басқармасы болып жұмыс жасап келеді. Бүгінгі таңда Жаңақала желілік өндірістік басқармасының мердігерлік ұйымдарымен қоса алғанда, ауданның 230 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Бұл күнде «Орта Азия Орталық» магистральды газ құбыры арқылы газ тасымалдау, сонымен қатар реверсті газ құбыры арқылы Қазақстанның оңтүстік облыстарын газбен қамту және алыс, жақын, шет елдерге газды жеткізу бағытында қызмет көрсетіп отырған Жаңақала желілік өндірістік басқармасы.
1967 жылы «Саратовтрансгаз» арнайы құбырлар басқармасының құрамында Қисық-Қамыс (қазіргі Жаңақала) желілік өндірістік басқармасы құрылуын бастады.
1968 жылдан бастап 1970 жылға дейін 3 магистралдық газ құбыры Орталық Азия-Орталық-1 МГҚ, Орталық Азия-Орталық-2 МГҚ, Орталық Азия-Орталық-3 МГҚ салынып іске қосылды.
Тасымалдайтын газдың көлемінің көбеюіне байланысты 1975 жылы Орталық Азия-Орталық – 4, 1985жылы Орталық Азия-Орталық – 5 магистралдық газ құбыры іске қосылды.
- Бүгінгі күні мекемеде мердігерлерімізді қосқанда, 235 адам қызмет жасап жатса, соның ішінде 220-сы Жаңақала ауданының тұрғыны.
Мекеме жастарының «Жас мамандар одағы» құрылып, өндірістік басқармасының қоғамдық өміріне үлестерін қосып жатыр.
Аудан бойынша өткізілетін шараларға да мүмкіндігінше қатысып отырады. Жылда «Мектепке жол» акциясы бойынша біздің мекемеге бөлінген отбасыларға мекеме ұжымының ұйымдастыруымен қаржылай көмек көрсетіп келеді. Газ саласының зейнеткерлерімен де тығыз қарым-қатынаста отырады. Мейрамдарда олармен кездесулер ұйымдастырылып, түрлі шара өткізіледі. Табиғи газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдауды қамтамасыз етіп, әр шаңыраққа үздіксіз жетуін, өндірістік пен жылыту орталықтарын көгілдір отынмен тұрақты қамтып отырған Жаңақала желілік өндірістік басқармасы игілігіне қалтқысыз қызмет ете беретініне сеніміміз мол. Бұл жерде әр адам – үлкен жүйенің бөлшегі, - дейді БӨАжА слесарі Нұртай Құрметов.
Фотоға түсірген:
Мейірбек Тажқұранов