4.09.2023, 15:00
Оқылды: 7

Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды

Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды.

3C81C672-FC1F-4AEB-A862-37CB95F0300C

«Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», - деп жазылған Ақорда жариялаған Президент Жарлығында.

Нұржан Нұржігітов 1967 жылы туған.

Білімі –жоғары. 1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын «Инженер-механик», 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале