Дина Нұрпейісова туралы архивтерді ақтарып отырып, көзім сарғайған газет парағындағы «Құт пен қасірет» деген көлемді мақалаға түсті. «Орда жұлдызы» аудандық газетінің 2 ақпан, 1991 жылғы 15 нөмірі екен. Мақаланың авторы тарих ғылымдарының кандидаты С.Сабыров. Бұл мақала екінші бетінде домбырашы Едіге Нәбиевтің «Құдіретті күйші әже» атты естелік-деректемесі болуына байланысты кездейсоқ осы папкада сақталып қалыпты. Ал маған бұл түк те кездейсоқтық емес, Нарынның нар қызы Дина Нұрпейісовадан келген белгідей, тіпті тапсырмадай әсер етті.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №46 санындағы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дариға Мұштанованың «Обалы кімге?..» атты мақаласынан таныса аласыздар!
zhaikpress.kz