13.01.2026, 22:00
Оқылды: 79

Облыс әкімдігінде Батыс Қазақстан облысының инвестициялық штаб отырысы өтті

Басқосуда 2026 жылға негізгі капиталға тартылатын инвестициялар көлемінің жоспары және өңір бюджетінің орындалуы талқыланды.

46c1e6d2-aa76-40bb-8f15-e2fc96669678

– Мемлекет басшысының өңірлерге инвестиция тартуды арттыру жөніндегі тікелей тапсырмасы бар. Соның ішінде шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу – маңызды мәселе. Былтыр негізгі капиталға тартылған инвестиция көлеміне қол жеткізу үшін баршамыз бірлесіп жұмыс атқардық. Жоспарланған 841 млрд теңге 874 млрд теңгеге орындалды. 2026 жылға міндеттелген инвестиция көлемі – 1 трлн 51 млрд теңге, – деген облыс әкімі Нариман Төреғалиев биыл да бұл бағытта нәтижелі іс атқарылу қажет екенін баса айтты.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаев әр ауданға жоспарланған инвестиция көлемін атап өтті. Мысалы, Ақжайық ауданына – 53 млрд теңге, Сырым ауданына – 17 млрд теңге, Бөкей ордасы ауданына – 16,4 млрд теңге, Бөрлі ауданына – 488,9 млрд теңге, Орал қаласына 245 млрд теңге жоспарланған болса, ең аз мөлшері Қаратөбе ауданында – 8,4 млрд теңге. Осы ретте өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы облыс орталығы мен Бөрлі ауданының жоспар көлемін қайта қарастыруды тапсырды. Ал былтыр Қаратөбе ауданында тапсырма орындалмағанын айтқан облыс басшысы биылғы инвестиция көлемі 10 млрд теңге болуы керек деді.

95661e18-5885-403b-9598-ea8dc9e40f6b
Басқарма басшысы Нұржан Сапаркелдіұлы биылғы негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемінің жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізуге бағытталған ірі жобаларды да баяндады. Солардың бірнешеуіне тоқталсақ, мысалы, биыл Қарашығанақты кеңейту жобасы шеңберінде 6-компрессорды іске қосу көзделген. Жоспарланған құны – 272,6 млрд теңге. Ал құны 1,5 трлн теңге Сатимолла кен орнында калий тыңайтқыштарын өндіру жобасының биылға жоспарланған құны – 45,8 млрд теңге. «QazExpoPipe» ЖШС-ның «Сорғы компрессорлық құбырларға арналған муфталар өндірісі» жобасының 2026 жылға жоспары – 21,3 млрд теңге. Сондай-ақ биыл «Арыстанов» ШҚ 2,5 млрд теңге, «Орал Агро» ЖШС 2 млрд теңге және «ПОШ Руно» ЖШС 1,5 млрд теңге және басқа бірнеше кәсіпорын инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Қазіргі есеп бойынша жоспарды орындауға 278,3 млрд теңге жетіспейді. Өңір басшысы аудан-ауыл, қала әкімдері мен басқарма басшыларына жобалар іздестіріп, тиянақты жұмыс істеулері қажет деді. Сонымен қатар цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрғиса Қамашевқа барлық тартылатын инвестицияны Битрекс ақпараттық жүйсіне бір аптаның ішінде енгізуді тапсырды.

aa68a869-5d97-47c4-88a5-ff375a88cd2d
Қаржы басқармасының басшысы Нұрлан Есенғалиевтің баяндауынша, 2025 жылдың соңында облыс бюджетінің кірістер жоспары 102,0%-ға немесе 4,8 млрд теңгеге артығымен орындалған. Жергілікті бюджетке 239,7 млрд теңге салық түскен.

Ясипа Рабаева

«Орал өңірі»

Матералдың толық нұсқасын «Орал өңірі» газетінен оқи аласыздар

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале