30.10.2018, 17:38
Оқылды: 70

Облыс әкімі халықаралық айтыстың жүлдегерлерімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов жуырда Атырау қаласында өткен Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдығына арналған «Байтақтан озып, бәйге алған» халықаралық ақындар айтысында топ жарған ақын Жансая Мусинаны, арнайы жүлде иелері атанған Талғат Мықи және Бауыржан Ширмединұлымен кездесті.

aaaec906-e9e1-41df-afb8-424ce6a4cc75
Айтыс өнерінде өзіндік ерекшеліктерімен дара шығып, Ақжайықтың намысын қорғап жүрген ақындарға облыс әкімі тұрғындар атынан табыс тілеп, алғысхатпен марапаттады.
Сонымен қатар кездесуде Елбасының биылғы Жолдауы облысымыздың дамуына қалай әсер ететіні айтылып, өңіріміздің мәдени өмірі туралы пікір алмасылды.

1c52bf30-8907-493c-878a-f2d4f91eea82

суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

 

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале