Облыс әкімі Переметный ауылы маңындағы Деркөл өзені арқылы өтетін көпірдің және Егіндібұлақ, Шалғай ауылдарының кіреберіс жолдарының құрылысымен танысты.
Шалғай ауылына кіреберіс жолдың құрылысы 2022 жылы басталған. 5,7 шақырым жолдың құрылысына 588 437 мың қаржы бөлінген.
Ал Егіндібұлақ ауылының жолына деп бюджеттен 1 289 000 мың қаржы бөлінген. Екі ауылдың да жол құрылысы биыл аяқталады деп күтіліп отыр.
Одан әрі аймақ басшысы Үлкен Шаған-Переметный-Вечный автожолындағы көпірдің құрылысымен танысты.
Бұл көпір Деркөл өзені арқылы өтеді. Құрылыс жұмыстары биыл басталған.
Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын сапалы жасап, нысанды уақтылы кешіктірмей аяқтауды тапсырды.
Жанат Көшкінбай
zhaikpress.kz