8.01.2024, 17:00
Оқылды: 67

Облыс әкімі балалармен бірге шаңғы тепті

Орал өңіріне ақ ұлпа қар қалың түсе салысымен облыс әкімі Нариман Төреғалиев облыстық отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге шаңғы теуіп, серуендеді. Шараға спорт, бизнес, білім саласының өкілдері және жастар қатысты.

IMG-20240108-WA0102

Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңір басшысы жаз мезгілінде аталмыш балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, балалардың оқуда және спорт саласында қол жеткізген жетістіктерімен танысу сәтінде қыс мезгілінде бірге шаңғы тебуге уәде берген болатын.

IMG-20240108-WA0101

Осы орайда, балалардың жаңа жылдық демалысы қарсаңында облыс әкімі Шаған өзені жағасындағы саябақта балалармен бірге спортпен шұғылданды.

«Президентіміздің тікелей тапсырмасы аясында елімізде тұрғындардың жаппай спортпен шұғылдануына жан-жақты қолдау жасалуда. Облыс көлемінде жыл сайын спорт нысандары салынып, халық игілігіне қолдануға берілуде. Өткен жылдың өзінде Орал қаласында заманауи талаптарға сәйкес Спорт аренасының және бес дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталып, оның үшеуі қолданысқа берілді. Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған игі шаралардан ел болашағы – жастар, сіздер де қалыс қалмай, спортпен шұғылдануға шақырамын», - деді өңір басшысы Нариман Төреғалиев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале