8.05.2020, 10:45
Оқылды: 70

Облыс әкімі Долинное, Төңкеріс, Қоныссай ауылдарын газбен жабдықтау жұмысымен танысты

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы ауқымында Теректі ауданы Долинное ауылындағы Чапаев мектебінің ғимараты күрделі жөнделуде. Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев ғимаратты күрделі жөндеп жатқан «Фирма ИСКОМ» ЖШС-ның жұмысымен танысты.

1E7F29FD-CDEC-467F-868D-00BC26B1AE57

Былтыр аудан әкімінің есептік кездесуіне қатысқан облыс басшысына тұрғындар мектеп ғимаратының ескіргенін, күрделі жөндеуге қаражат бөлуін сұраған еді. Биыл облыс әкімі қолдауымен тұрғындар сұранысы орындалып отыр.

FCC189AA-1114-45B8-BD22-7968F99D5304

Теректі аудандық білім бөлімінің басшысы Жанаргүл Құсайынованың айтуынша, жоба құны – 230,5 миллион теңге. Бағдарлама ауқымында құрылысты жүргізуге 198,8 миллион теңге бөлінген. Мектеп 320 оқушыны қамти алады. Ғимараттың жалпы ауданы – 2 146 м2. Қазіргі уақытта білім ошағында 126 бала оқып жатыр. Аудандағы Төңкеріс пен Қоныссай ауылдарында мектептер жабылу алдында. Сондықтан осы ауылдағы балаларды Чапаев мектебіне оқыту, ол үшін мектеп жанынан интернат салу жоспарланған.

7DF4C728-A568-40B9-BED7-4AF0345573F2

Мамыр айының басында құрылыс материалдары мен техникалар жеткізілген. «Фирма ИСКОМ» ЖШС 57 адамды жұмысқа алады. Бағдарлама талабына сәйкес жергілікті 29 тұрғын жұмыспен қамтылады.

1483346F-E664-4D0F-B422-744B6C736C59

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Долинное, Төңкеріс, Қоныссай ауылдарын газбен жабдықтау жұмысымен танысты. Жоба құны – 337 237,0 мың теңге. Бүгінгі таңда мердігер «Батысгазстрой» тапсырыс берушімен 298 877,3 мың теңгеге келісімшарт жасасқан. Газ өткізу жұмысына 84 адам тартылады.

100A5C68-DC50-42A5-AF40-AD8D113A7538

Облыс әкімі Ғали Есқалиев мердігерге құрылыс жұмысының сапалы жүргізуін тапсырып, аудан басшысы Әділ Жоламановқа ауылішілік газ құбырын жеткізу құнын қадағалау керектігін ескертті.

2CBF7C71-280C-4BEB-8514-93C045B58F12

Айта кетейік, жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысына 178 жобаны жүзеге асыруға 35,5 млрд. теңге қаражат қарастырылды. Әлеуметтік-мәдениет нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуге және реконструкциялау бойынша 70 жобаға 13,4 млрд. теңге бөлінген.

Нұртай Алтайұлы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале