Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің жұмыс сапары Бөкей ордасы ауданында жалғасты.

Алдымен Хан ордасы ауылының кірме жолының орташа жөндеуімен танысты. Ұзындығы 21 шақырым жолды жөндеп жатқан мердігер — «Ақжол құрылыс» ЖШС. Мердігер 8,2 шақырымға асфальт төсеп, жолдың негізгі қабатын аяқтаған. Уақытша жұмыспен 10 адам қамтылған.

Өңір басшысы сапарында Хан ордасы ауылындағы Жәңгір хан кесенесінің жағдайымен, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен, электр желілерін реконструкциялау жұмысымен танысты. Мердігер «Лейга» ЖШС ауылдағы электр желілерін жаңғыртып жатыр. Бұл жұмыстың құны - 703 млн теңге. Күні бүгін 850 бағана қойылып, 22 шақырым сым тартылған. 15 трансформатор орнатылған. Аумағы 864 шаршы метр дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Құрылысы желтоқсанда аяқталады.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жөндеуден өтіп жатқан Жәңгір хан кесенесіне ат басын бұрды. Қазір кесененің сыртқы келбеті қалпына келтіріліп жатыр.

Өңір басшысы сапар барысында Бөрлі ауылындағы «Сисенғалиев» ШҚ-ға барды. Шаруашылық 1250 бас абердин ангус тұқымды ірі қара мал өсіруде. Шаруа 8 адамды тұрақты жұмысқа алған. Адам күшін азайтып, уақытты үнемдеу, жұмыс сапсын арттыру мақсатында заманауи технологияларды қолдануда. Болашақта ет комбинатын салуды жоспарлап отыр.
Қазір өңір басшысы Бөрлі ауылында мәдениет үйінде тұрғындармен кездесуде.
Ясипа Рабаева
«Орал өңірі»