14.08.2025, 10:00
Оқылды: 237

Облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының кезекті есептік кездесуі Бөрлі ауданында өтті 

Іссапар аясында өңір басшысы алдымен Жарсуат ауылына барып, ауыл тұрғындары үшін маңызды нысандардың жағдайымен танысты. Мұнда мәдениет үйі ғимаратында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мен спорт кешенінің құрылысы барысын қадағалап, мердігер компания өкілдерімен пікір алмасты. Әкім нысандардың сапалы әрі уақытылы аяқталуының маңыздылығын атап өтіп, жұмыстың қарқынын бағамдады.
532044865_18541203016028162_4981660495835929948_n
533060148_18015763364765192_4765769975717980892_n
Бұдан соң Нариман Төреғалиұлы Ақсай қаласындағы 300 орындық №1 жайлы мектеп пен 900 орындық №7 жайлы мектеп құрылысының барысын тексерді.
530700324_18541203031028162_461123827745571787_n
531279968_18015763406765192_4897164208580505469_n
530872827_18015763397765192_8669103245906642119_n
Бұл білім ордалары өңірдегі оқушыларға қолайлы білім алу ортасын қалыптастырып, заманауи стандарттарға сай сапалы білім беру ісін дамытуға сеп болмақ. Мектеп құрылыс алаңындағы жұмыс қарқынын бағамдаған облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы істің баяу жүріп жатқанын сынға алып, мердігер компанияға жұмысты тездетіп, мерзімінде әрі сапалы аяқтаудың маңыздылығын қадап айтты.
530998137_18541203022028162_7283660910285233089_n
530753913_18541203052028162_2686641779956182272_nСапар барысында облыс әкімі Приурал ауылында болып, ауыл тұрғындарымен ашық жүздесті. Кездесуде Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.
530816747_18015763415765192_4736018020595359577_n
Өз сөзінде Нариман Төреғалиұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша негізгі көрсеткіштерге тоқталды:
«2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 593 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға артты.
531321126_18015768401765192_3554850646100324703_n
Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 120,3 мың адамға жетті. Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында шағын және орта бизнес субъектілерінің өндірген өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,7%-ға өсті»,– деді өңір басшысы.
Есептік жиын барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өңір басшысынан, тиісті сала басшыларынан нақты жауап алды.
530799788_18541202974028162_7522949550241874887_n
Кездесуден кейін азаматтар облыс әкіміне жеке қабылдауға жазылып, өз мәселелерін жеке форматта жеткізу мүмкіндігіне ие болды.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале